Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

ҚДБ алдағы екі жылға инвестициялық жобалар тізімін даярлады - А.Достияров

Қазақстан даму банкі алдағы екі жылда жүзеге асырылуы мүмкін инвестициялық жобалардың тізімін даярлады. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте «Қазақстан даму банкі» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асқар Достияров мәлім етті.
Астана қаласы26 Мамыр , 17:31

«Қазақстан даму банкі 13 жыл қызметі ішінде ел экономикмасына 6,6 млрд. АҚШ долл. салды. ҚДБ шикізаттық емес жобалардың  40% несиелендірген. Банк активіндегі несие қоржынының үлесі 2013 жылдың басынан бері  30%-ға дейін және бүгінгі 40%-ға дейін көтерілді. Біз алдамызға 2017 жылға дейін бұл көрсеткішті 75%-ға дейін жеткізбекшіміз», - деді А. Достияров.

Сонымен қатар ол, бұған дейін қаржы институтының қаржысының басым бөлігі қазынашылық қоржынға салынғанын атап өтті. «Ол қаржылар банктің қызметінде қолданылмаған».

Айта кетерлік жайт, Қазақстан даму банкі алдағы екі жылда жүзеге асырылуы мүмкін инвестициялық жобалардың тізімін анықтады.

«Бүгінгі таңда тізімге жалпы құны 1,4 трлн. доллардан асатын жиырмадан астам инвестициялық жобалар енгізілген. Олар инфрақұрылым, машинақұрылысы, мұнайхимия мен мұнайөнімдері, металлургия, электроэнергетика және телекоммуникация салалары бойынша. ҚДБ несиеге деген сұранысты 1 трлн. теңгеден асады деп бағалауда», - деп ол өз ойын толықтырды.

Камила Амирова

 




Яндекс.Метрика