Евразиялық одақ

Д.Тұрғанов: Интеграция елдің барлық өңірі үшін қолайлы жағдай қалыптастыруда (Брифинг бейнебаяны)

Интеграция елдің бар өңіріне қолайлы жағдай қалыптастыруда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов мәлімдеді.
Астана қаласы 26 Мамыр, 16:34

«Жаңа Еуразиялық экономикалық одақ – экономика саласындағы келісім ғана емес, сонымен қатар біздің мемлекеттің дамуындағы маңызды стратегиялық қадам болып табылады. Статистика мәліметтерінше, интеграциялық процестер ел мен елдің ішкі өңірлеріне барынша қолайлы жағдайлар қалыптастырады. Және де интеграция бәсекеге қабілеттілікті арттырып, халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға мүмкіндік береді», - дейді ол.

Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы елде жұмыс күшінің еркін алмасуы мен бірқатар мәселелердің түйінін тарқатуға түрткі болмақ.

«Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қою арқылы электрэнергиясының  экспорты секілді мәселелер шешіліп, бүгінге дейін нақты шешілмеген мәселелердің түйіні тарқатылатын болады», - дейді ол.

Сонымен қатар, оның мәліметінше, аталмыш келісім бірыңғай нарықта кәсіпкерлердің барынша еркін жұмыс істеуіне жол ашады.

«Біз Беларусь нарығын әлі де толық игере алмадық, ал келісімге қол қоя отырып біз аталмыш нарыққа қол жеткіземіз», - дейді облыс әкімінің орынбасары. 





Дерекнама

Яндекс.Метрика