Өңірлер

Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті кез келген ХҚКО-дан ала алады

Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті алу үшін тұрғылықты жеріндегі немесе тіркелген мекенжайы бойынша орналасқан ХҚКО-мен қатар, еліміздің кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығына құжат тапсыра алады, деп байланыс және ақпарат агенттігінде хабарлады.
Астана қаласы26 Мамыр , 19:06

«Бұл механизм ҚР Ішкі істер министрлігімен белсенді түрде талқыланып, іске асырылды. Бүгінгі күні барлық мәселелер реттелді және ХҚКО-дағы  көші-қон полициясының қызметкерлері тұрғындардан жаңа куәлік немесе паспорт рәсімдеу үшін құжат қабылдауды бастады», - деді ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің Электрондық қызметтерді  және  халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту департаментінің директоры Абылайхан Оспанов.

Сондай-ақ, Агенттіктің тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді де тіркелген жері немесе тұрғылықты жеріне байланыстырмай-ақ,

Айтып өту керек, азаматтың жеке басын куәландыратын жаңа құжатты алуға өтінімді аты-тегін ауыстырған, құжат  бүлінген, паспортты жоғалтқан, құжаттың мерзімі  өтіп кеткен және т.б. жағдайларда  тұрғылықты және тіркелген мекенжайына қатыссыз,  кез-келген ХҚКО-на беруге болады. Ал, қосымша тексеру жүргізу немесе шешім шығару қажет болған жағдайда жаңа құжат азаматтың тіркелген мекенжайы бойынша ғана беріледі.

 




Яндекс.Метрика