Евразиялық одақ

Д.Тұрғанов: ЕАЭО жұмыс күшіне еркіндік береді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов ЕАЭО Ресейден жоғары білікті мамандарды тартуға мүмкіндік беретіндігін айтты.
Астана қаласы26 Мамыр , 16:17

«Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы бірыңғай кедендік шекараға қосымша шығыс беріп жұмыс күшін еркіндетеді.Мәселен, Кедендік одақ құрылғанға дейін 8 кәсіпорын Ресейден жоғары білікті мамандарды тартты. Бүгінде олардың саны 16 кәсіпорын. Бұл өнеркәсіп, білім беру және құрылыс саласында», - деді Д. Тұрғанов.

Оның айтуынша, соңғы 3 жылда Павлодар облысына 200 жоғары білікті маман тартылды.

«Павлодар облысында индустрияландыру картасы бойынша жаңа химия, мұнай және химиялық, фармацевтикалық, металлургиялық, машина жасау саласында кәсіпорындар салынуда. Бүгінде бізге жоғары білікті мамандар қажеттілік туындатып отыр. Біз тек Ресей мен Беларусьтан ғана емес, өзге де мемлекеттерден маман тартудамыз», - деді ол.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанға қажет мамандар Омбы мен Новосібір қаласында дайындалуда.

Павлодар облысында жұмыссыздықтың ең төмен көрсеткіші бекітілген, ол 5 пайызды құрайды.

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика