Евразиялық одақ

ЕАЭО Ресей мен Белоруссия нарығына шығуға мүмкіндік береді - Д. Тұрғанов

Қазақстан, Ресей мен Белоруссия 2016 жылға қарай бірыңғай энергетикалық нарықты құру бойынша бағдарламаны қабылдауды жоспарлауда. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов мәлім етті.
Астана қаласы29 Мамыр , 11:02

«Қазақстан, Ресей мен Белоруссия 2016 жылға қарай бірыңғай энергетикалық нарықты құру бойынша бағдарламаны қабылдамақшы. Аталмыш бағдарламаның тұжырымдамасы алдын-ала болжам бойынша 2015 жылы қабылданады. Қазіргі таңда  «Екібастұз МАЭС -1» және  «Ақсу МАЭС»  Белоруссияға жыл сайын 2-3 млрд  киловатт/сағатына электр энергиясын жеткізу бойынша келіссөздер жүргізуде. Сонымен қатар, «Кегок» АҚ және ресейлік серіктестермен  бірлесіп  электр энергиясын тасымалдау шарттары бойынша келіссөздер жүргізілуде», - деп Дүйсенбай Тұрғанов ағынан жарылды.

Оның айтуынша,  қазақстандық өндірушілердің шетелдік серіктестерімен байланысы отандық тауарды экспортқа шығаруға қосымша мүмкіндік береді.

«Егер, біздің аймақтың қазақстандағы энергияның жартысын өндіретін ескеретін болсақ, өндірушілердің шетелдік қарымта серіктестерімен байланыстарының тереңдей түсуі отандық тауардың экспортталуына қосымша  мүмкіндік береді. Біздің есептеуімізше, ЕАЭО құру Ресей нарығына электр энергия жеткізілімін арттырып, Белоруссия нарығына шығуға мүмкінді береді», - деді Д. Тұрганов.

Сонымен қатар ол, ресейлік-қазақстандық кәсіпорындарда көмір өндіру төмендеп кеткені байқалады, деп атап өтті.

Индира Кауметова 




Яндекс.Метрика