Евразиялық одақ

Павлодар облысының сыртқы саудасындағы Ресей мен Беларусьтің үлесі 60%-ды құрады

Павлодар облысының сыртқы саудасындағы Ресей мен Беларусьтің үлесі 60%-ды құрайды, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов.
Астана қаласы26 Мамыр , 15:36

«Павлодар облысының сыртқы саудасындағы Ресей мен Беларусьтің үлесі 60%-ды құрайды.  Өткен жылғы аталмыш сауда айналымы 2,8 млрд долларды құраған еді. Биыл бірінші маусым қорытындысы бойынша, сыртқы сауда көлемі 146 млн долларды құраса, соның ішінде РФ мен БР үлесі 81 млн долларға жеткен», - дейді ол.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыс аталмыш екі елден сатып алатын тауарына қарағанда оларға сататын өнімдерінің үлесі жоғары.

«Географиялық қасиеттерді ескере отырып, технологиялық байланыстарды қоссақ, біздің басты әріптесіміз РФ болып табылады. Соңғы үш жылда бұл елмен сауда айналымы шамамен екі есеге өсіп, өткен жылы 3 млрд долларды құрады», - дейді облыс әкімі.

«Ресейден біздің облысқа машинақұрылысы, химия, металлургия өнеркәсібі, құрылыс материалдары, азық-түлік өнімдері мен халықтық тұтыну тауарлары әкелінеді», - дейді ол. 

Мадина Нұрбекова




Дерекнама

Яндекс.Метрика