Өңірлер

Алматы облысында «Қазқұтқару-2014» жиын-семинары ашылды

Алматы облысында «Жартасты қала - Астана» ҚР ТЖМ оқу-жаттығу полигонында құтқару бөлімшелерінің «Қазқұтқару-2014» 19-халықаралық жиын-семинарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Алматы26 Мамыр , 14:46

«Қазқұтқару - 2014» жиын-семинарына Әзербайжан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, сондай-ақ Қытай Халық Республикасы құтқарушылары қатысатын болады.

Жыл сайын «Қазқұтқару» жиын-семинарына Қазақстанның әр жерінен, таяу және қиыр шет елдерден құтқарушылар командалары, сондай-ақ халықаралық бақылаушылар - Еуроодақ, ҰҚШҰ, ОБСЕ, НАТО, ШЫҰ, Халықаралық қызыл крест, АҚШ Аризон штаты ұлттық гвардиясы және басқалар келеді.

2011 жылы аталмыш ҚР ТЖМ полигонына ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің құтқарушы бөлімшелерін дайындау үшін базалық мәртебе берілді. «Жартасты қала - Астана» - ТМД-дағы жалғыз әмбебап полигон, онда құтқару жұмыстарының барлық түрлерін пысықтауға болады.

«Қазқұтқару» жиын-семинарында Қазақстанның төрт жас құтқарушылар командасы  бақылаушы ретінде алғаш рет қатысты, деп төтенше жағдайлар министрлігінде хабарлады.

Сондай-ақ «Қазқұтқару-2014» аясында (28 мамырда) құтқару технологиялары жөнінде халықаралық конференция өткізу жоспарлануда. 

             




Яндекс.Метрика