Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Шетелдік сарапшылар Стамбулдық іс-қимыл жоспары аясында Қазақстан заңнамасына мониторинг жүргізуде

Астанаға сапармен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбулдық іс-қимыл жоспары шеңберінде 25-31 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының заңнамасы мониторингінің үшінші раундын өткізу үшін сарапшылар тобы келді.
Астана қаласы26 Мамыр , 14:36

2003 жылғы қыркүйекте Стамбул қаласында (Түркия) ЭЫДҰ шеңберінде Армения, Әзірбайжан, Грузия, Ресей, Тәжікстан және Украина үшін Қазақстан Республикасы ЭЫДҰ шақыруы бойынша 2004 жылғы 14 желтоқсанда қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбулдық іс-қимыл жоспары қабылданған болатын.

Сонымен қатар, Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы әрі қарай жетілдіруге арналған  үш саладағы:  сыбайлас жемқорлыққа қарсы, сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 17 жаңа ұсыныстар берілді, деп Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде хабарлады.

Шара аясында Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдерімен, депутаттар мен Парламент Сенаты және Мәжілісінің, Қаржы полициясы, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Қаржы, Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерімен халықаралық сарапшылар тобының бірінші тақырыптық кездесуі өтті.

Мониторинг тобының құрамына ЭЫДҰ Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі желі Хатшылығының өкілдері Нидерланды, Украина, Өзбекстан және Литваның, Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкінің өкілдері кіреді.

Ағымдағы жылғы тамыз айында кездесу нәтижесі бойынша сарапшылар тобы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ескертулер дайындау үшін мониторингтің үшінші раундының есептеме жобасын даярлап, ұсынады.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика