Евразиялық одақ

ЕАЭО келісім шарты халықаралық келісімдерді жүйелейді – Әділет министрлігі

ЕАЭО келісім шарты КО, ЕурАзЭҚ және БЭК мүше елдері қатысуымен қойылған 68 халықаралық шартты жүйелейді. Бұл туралы бүгiн ОКҚ брифингiнде ҚР Әдiлет министрiнiң орынбасары Эльвира Әзiмова мәлiмдедi.
Астана қаласы 26 Мамыр, 13:50

«Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне қауіп төндірмейді. ЕАЭО туралы келiсiмшартта бiраз нормалар – ЕАЭО мәртебесi, одақтың органдары және нақты экономикалық салаларында мемлекеттердiң келiсiмшарттары көзделген. Шарт көлемi өте үлкен. Оның iшiнде халықаралық шарттардың 68 келісімі жүйеленеді.Өзiмiзге пайдасыз нормаларды алып тастап, керектiлерiн кiргiздiк», - дедi Э.Әзiмова. 

Оның айтуынша, ендi комиссия департаменттерiнiң лауазымдық тұлғалары тек кәсiби тәжiрибесiн ескере отырып конкурс нәтижесiнде тағайындалатын болады. Ал бұл бiздiң азаматтарымыздың халықаралық қызметкер атануына мүмкiндiк бередi. 

ЕАЭО – ол мемлекет мүдделерiн есепке ала отырып, нақтыланған және бұрын қол жеткiзiлген келiсiмдер базасында өңiрлiк экономикалық интеграцияланған ұйым, деді ол.

Оның айтуынша, осындай ұйымдарды құру тәжiрибесi ескеріле отырып, ЕАЭО органдары құрылады. Жоғарғы кеңес Мемлекет басшылары деңгейiнде, Үкiметаралық кеңес үкiмет басшылары деңгейiнде іске қосылады.Сонымен бiрге алқа мүшелерінен тұратын Еуразиялық экономикалық комиссия, ЕАЭО соты да жұмыс істемек. Комиссия құрамына Одаққа мүше мемлекеттердiң премьер-министрлерiнiң орынбасарлары кiредi.

Құрылғалы отырған ЕАЭО келісімшартының жобасында мүше елдердiң мемлекеттiк тiлiн құрметтеу арқылы ұлттық мүдденi сақтау көзделген, деді ол.

Сондай-ақ, шешiмдер комиссияның ресми сайтында одақтың ресми тiлi – орыс тiлiнде ғана емес, мемлекеттiк тiлде де жариялануы тиiс. Комиссия жолдаушы адамның тiлiнде жауап беруге мiндеттi. Сонымен қатар шарттың үш тiлдегi нұсқасына қол қойылады.

Одақ сотының судьялары мемлекет президенттерi ұсынған тұлғалар қатарынан жоғары кеңес шешiмiмен тоғыз жылға тағайындалады. Олар ұлттық жоғарғы сот өкілдері немесе халықаралық тәжiрибесі мол тұлғалар болуы мүмкiн, деді  вице-министр. 

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика