Евразиялық одақ

С.Ордабаев: ЕАЭО келісім жобасы - Қазақстанның ұлттық мүддесін ескеретін құжат

ЕАЭО Келісім жобасы Қазақстанның барлық ұлттық мүддесін ескеретін құжат екенін ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары С.Ордабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты.
Астана қаласы26 Мамыр , 13:02

«Еуразиялық экономикалық одақ аспаннан түскен жоқ. Біздің мемлекеттер тәуелсіз мемлекеттер достастығы секілді бірлестікте болды, сонымен қатар еуразиялық экономикалық қауымдастықтан өтті. Айта кету керек, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мен Еуразиялық экономикалық қауымдастық өзара интеграцияның құрылуында айтарлықтай рөлге ие. Осы арқылы біз үлкен тәжірибеге қол жеткізіп, экономикалық жағынан өзара ынтымақтасу жағдайын үйрендік», - дейді С.Ордабаев.

Сонымен қатар, ол одақты құру туралы келісімнің екі бөлімнен тұратынын еске салды. Біріншісі – институцияналды сипатта болса, екіншісі функционалдық сипата.

«Институционалдық бөлім – болашақ одақтың Конституциясы мен оның ортақ ережесі».

«Қазір де келісімнің институционалдық бөлімінің негізі жасалынды. Онда 34 бап пен 3 қосымша бар. Оның бапрлығы тиісті сараптамадан өтіп, тиісті жерлердің келісімін алған. Оны дайындауға елдің мемлекеттік органдары, сараптамалық әлеуеті тартылып, Үкіметте жан-жақты талқыланды. Нәтижесінде біз Қазақстанның барлық ұлттық мүддесін ескеретін жобаны дайындадық».

«Келісім жобасын дайындау бойынша келіссөз барысында еуразиялық экономикалық комиссия бізге шамамен 2 мыңдай бет болатын Еуразиялық одақ туралы келісім жобасын берді. Онда саяси ықпалдастық, азаматтық және миграциялық саясат, виза мен қауіпсіздік мәселелері де қамтылған екен. Алайда біздің тарап бұл құжатты екі бөлімге бөлуді ұсынды», - дейді вице-министр.

«Келіссөздерді жүргізу өте қиынға соқты. Қазақстандық тарап қарсы жақты келісім жобасын тек екі бөлімге бөлуге көндірді», - дейді ол. 

Камила Амирова




Яндекс.Метрика