Білім беру

Салалық қауымдастық базасында оқыту қорлары құрылады – ҰКП

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі Данияр Әбілғазиннің төрағалығымен ҚР ҰКП президиумының мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің кезекті отырысы өтті. Онда «KAZENERGY» қауымдастығы жанынан Оқыту қорын құру тұжырымдамасының жобасы мен мен мұнай-газ саласының өзге де мәселелері қаралды.
Астана қаласы26 Мамыр , 19:42

Қазіргі таңда жер қойнауын игерушілердің оқыту мен мамандарды дайындау саласындағы келісімшарттық міндеттері Қазақстан Республикасның «Жер және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңы нормаларымен реттеледі.

Сонымен қатар, қолданыстағы нормалар келісімшартты орындау кезінде тартылатын Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылатын оқыту, біліктілікті арттыру мен жұмыскерлерді қайта даярлау процестеріне қатысушылардың мүдделерін бірдей ескере бермейді.

Осы орайда салалардың, инвесторлардың, халық пен білім беру жүйесінің мәселелерін ескеретін жүйелі жұмыстардың атқарылуы күн тәртібінен түспек емес. Аталмыш бағыттағы жұмыстарды атқару үшін «KAZENERGY»-дің оқыту қорын құру мәселесі қаралмақ, деп хабарлайды palata.kz.

Аталмыш қордың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының жер қойнауын игерушілердің салаға білікті мамандарды дайындауында міндеттерін тиімді атқаруын қаматамсыз ету.

Комитет отырысының қорытындысы бойынша, ҚР ҰКП-да тіркелген салалық қауымдастық базасында Оқыту қорларын құру қажеттілігіне тоқталып, Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қосқанда аталмыш ұсынысты іске асыру шараларын ұйымдастыру қажеттілігі айтылды.

Жиын аясында геологиялық қорға қатысты халықаралық стандарттарға өту жайы сөз болып, аталмыш мәселені жан-жақты қарастыру мақсатында комитет тиісті ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы ұсыныс айтты. 




Яндекс.Метрика