Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазғарыш төрағасы ILA Berlin AIR Show аясында бірқатар келіссөздер өткізді

ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т.Мұсабаев Берлин қаласында (Германия) өткен «ILA - 2014» Халықаралық авиациялық-ғарыштық салонының жұмысына қатысты.
Әлемде26 Мамыр , 13:42

Іс-шараның аясында Қазғарыш басшысы жетекші әлемдік ғарыш агенттіктері мен шетел компаниялар басшылығымен бірқатар кездесу өткізді.

Бұған қоса, Қазақстан, Ресей және Украина ұлттық ғарыш ведомстволары өкілдерінің үшжақты кездесуі болып өтті, деп агенттікте хабарлады.

Қазақстандық делегациясын Қазғарыш төрағасы Талғат Мұсабаев бастады, украиндық тарапынан кездесуге Украинаның Мемлекеттік ғарыш агенттігінің басшысы Юрий Алексеев, ресей тарапынан РФ Федералды ғарыш агенттігінің статс-хатшысы - басшының орынбасары Денис Лысков қатысты.

Келіссөздер барысында тараптар «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Зенит» ЗТ-ның негізінде «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру жобасын жүзеге асыру аясында ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

 




Яндекс.Метрика