Өңірлер

Қарағанды облысының Көкпекті ауылында тұрғын үйлердің құрылысы басталды

Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев Көкпекті ауылында болып, су тасқынынан зардап шеккен ауылда тұрғын үйлердің құрылысы басталғанын мәлімдеді.
Қарағанды26 Мамыр , 12:49

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, алдымен аймақ басшысы техникалық құжатпен танысып, ауыл тұрғындары мен студенттік құрылыс жасақтарының өкілдерімен әңгімелесті. 

Содан кейін іргетасын қалау рәсімі басталды. Шараға Бұқар жырау ауданының жұртшылығы, студенттік құрылыс жасағының және «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының өкілдері қатысты. 
Аймақ басшысы Бауыржан Әбдішев ауылда жалпы аумағы 3740 шаршы метрді құрайтын 50 үйдің құрылысы басталғанын айтты.

Құрылыстың сметалық құны 300 млн. теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйегінде аяқталады деп күтілуде. Бас мердігер «Аспап» компаниясы болып табылады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика