Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Ақсай қаласында гемодиализ орталығы ашылды

Ақсай қаласында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында гемодиализ орталығының бөлімшесі есігін айқара ашты.
Батыс Қазақстан26 Мамыр , 12:16

Мекемеде  3 диализдік орын бар. Сонымен қатар, пациенттер уақытты пайдалы өткізсін деген мақсатта партотивтік DVD қондырғылар орнатылды, деп денсаулық сақтау министрлігінде хабарлады.

Енді ашылған орталықта науқастар екі ауысымда, күндізгі уақытта ем алуға қол жеткізіп отыр.

Шараға Батыс Қазақстан облыс денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қ.Ирменв, аудан әкімдігінің өкілдері, медицина қоғамы қатысты.

Бұл орталық жасанды бүйрек аппараты арқылы өмір сүруге мәжбүр болған науқастардың тыныс-тіршілігін жеңілдетіп, сапалы еңбек етуге ықпалдасады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика