Евразиялық одақ

ЕАЭО үшін банкаралық ақпаратпен алмасудың ортақ жүйесі керек – С. Глазьев

VII Астана экономикалық форумы аясында «Еуразиялық экономикалық интеграцияға - 20 жыл. Қорытындылары мен келешегі» тақырыбында пленарлық отырыс өткізілді.
Астана қаласы29 Мамыр , 19:10

Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі Сергей Глазьев ЕАЭО елдері аумағында ортақ төлем жүйесін енгізу қажеттілігі туралы айтты, деп хабарлады ұйымдастырушылар.

«Қазіргі қалыптасқан жағдай бізді геосаяси қауіп-қатерлерге тап болған секторларда интеграцияны үдетуге итермелейді. Бұл, бәрінен бұрын, қаржы қызметтерінің нарығы. Бүгінде Ресейде ұлттық төлем жүйесін құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Менің көзқарасым бойынша, бірден ЕАЭО елдеріне ортақ төлем жүйесін әзірлесек анағұрлым тиімдірек болады. Игорь Суворов басшылық етіп отырған мемлекетаралық банк те бастапқыда төлем одағымен қамтамасыз ету қызметтерін атқару үшін құрылған еді. Қазір осы функциялар өте қажет, себебі, егер біз төлем жүйесін құрмасақ, біз ылғи да саяси қауіп-қатерлерге соқтығыса беретін боламыз»,- деді Сергей Глазьев.

Сондай-ақ, Глазьев мырза,  ЕАЭО-ға мүше елдерге ұлттық валютамен есептесуге жылдамырақ көшу керектігін айтты. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика