Білім беру

Атырауда оқушылар мен студенттердің облыстық форумы өтті

Форумға түрлі деңгейдегі білім және өнер байқауларында жүлдегер атанып, талантымен танылған оқушылар мен студенттер қатысты.
Атырау26 Мамыр , 10:48

Форум барысында халықаралық байқауларда үздік танылған дарынды оқушылар мен ұстаздарға облыс әкімінің арнайы сыйлығы табыс етілді, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

«Біз біліміміз бен тәлім-тәрбиемізді Отанымыз - Қазақстан Республикасының гүлдене беруіне арнаймыз. Кең-байтақ еліміздің аты асқақтай беруі үшін күш-жігерімізді жұмсаймыз. Қазақ елінің әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекет болуына жастық жалынмен, сарқылмас күш-қуатпен еңбек етуге барлық жастарды шақырамын. Туған өлкеміздің шынайы патриоттары болып, оның келешегі үшін шексіз қызмет ететін боламыз»,- Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған лицей оқушысы Ерасыл Жәрдемов форумы үндеуін оқыды .

«Экологиялық таза үй» жобасын жасаған  қазақ-түрік лицейінің оқушысы Әмірбек Орынғали «Бұл үйде тұратын болсаңыз, ешқандай коммуналдық төлем төлемейсіз. Мен экологиялық таза ауаны сақтай отырып, үйді жылытатын, суытатын жаңа технология ойлап таптым» деп атап өтті.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика