Евразиялық одақ

Б.Әбдірасылов: Интеграцияға ұмтылу кез келген елге тиімді

Интеграцияға ұмтылу кез келген елге тиімді, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірасылов Strategy2050 агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы 26 Мамыр, 10:14

«Интеграцияға ұмтылу кез келген елге тиімді. Мемлекет басшысының 1994 жылы М.В Ломоносов атындағы ММУ-де өзара одақ құру туралы идеяны ұсынған кезінде мен Мәскеуде болдым. Сол кезде барлығы осы ойды жылы қабылдады, міне, араға жиырма жыл салып аталмыш ой іске асырылып отыр. Біз бұл жолға қалай жеткенімізді өте жақсы білесіздер, Кедендік одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік мемлекет басшылары деңгейінде қолға алынып іске асырылған аталмыш одақтың алғышарты», - дейді ректор.

Бастысы, оның айтуынша, бірлестіктің тең экономикалық сипатта құрылуы.

«Одақтың құрылуы біздің мемлекеттің саяси сипатына әсер етпейді. Бұл туралы Мемлекет басшысы да тәуелсіздігіміздің бүтіндігіне күмән келтірмеу керектігін де айтты. Одақ құру арқылы біз қандай дүниеге қол жеткіземіз? Бұл бірінші кезекте кәсіпкерлердің пайдасына қызмет етпек. Дамушы нарыққа ірі экономикалық кеңістік қажет. Бұл біздің сату нарығымызды кеңейтіп, экономикамыздың іргесін бекіте түспек», - дейді Б.Әбдірасылов ЕАЭО артықшылығы туралы.

Оның айтуынша, «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында өңдеуші кәсіпкерлік  жоғарғы сападағы өнімнің үлкен сұранысына ие болмақ. «Менің пікірімше алдағы уақытта біздің экономика өте қарқынды қанат жаймақ», -дейді ректор. 





Яндекс.Метрика