2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Нобель лауреаттары ШҚО студенттерімен кездесті

ШҚО-да Нобель сыйлығының лауреаттары мен жоғарғы оқу орындарының студенттері кездесті.
Шығыс Қазақстан26 Мамыр , 09:27

Нобель лауреаттары Курт Вютрих пен Святослав Тимашев, сонымен қатар шетелдік ғалымдар Клаус Тиссен, Алексей Кавокин мен Джузеппе Эрамо ШҚО студенттері мен ұстаздарының сұрақтарына жауап берді , деп ШҚО Ақпараттық орталығынан хабарлады.

Курт Вютрихтың айтуынша, «OSKEMEN ЭКСПО-2014» көрмесіне қойылған жобалардың барлығы аймақтағы ғалымдардың деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.

Шара барысында қонақтар баламалы энергия, инновациалық технологиялар,  физика және химия салалары бойынша сұрақтарға жауап берді.  Бұдан басқа, танымал ғалымдар өздерінің ғылым саласындағы жетістіктерінің сырларын ашты.

«Бастысы  -  пәнге деген қызығушылық. Егер, адам бір нәрсені білгісі келіп ұмтылатын болса, онда ол қозғаушы күш. Яғни, мектеп қабырғасында дәл сол пәнді оқытқан жөн», - деді С. Тимашев.




Яндекс.Метрика