Евразиялық одақ

ЕАЭО туралы Келісімнің құрылуы жылдың басты оқиғасына айналмақ – В.Путин

Кедендік одақ пен Біріңғай экономикалық кеңістік елдері үшін 29 мамыр күні Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Келісімнің құрылуы жылдың басты оқиғасына айналмақ. Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин XVIII Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Белорусь телеграф агенттігі ақпарат агенттігі.
Әлемде25 Мамыр , 14:34

«Келісім 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енуі керек. Жалпы халқы 170 млн адамды құрайтын үш елге ортақ экономикалық нарық құрылып, капитал, тауар, жұмыс күші мен қызмет еркін алмасатын боламыз. Кәсіпкерлік үшін мүмкіндіктер айтарлықтай кеңейіп, бірлескен инвестициялық және коператпвтік жобаларды іске асыруға, макроэкономикалық саясат келісімдерін жүргізуге, сыртқы нарықты үйлестіруге мүмкіндіктер ашылады», - дейді В.Путин.

Владимир Путин алдағы құрылатын Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақ қатынасын дамыту жайын да сөз қылды. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика