Инновациялар

ҰКП мен ҰТДА ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астанада IX Инновациялық конгресс аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Ұлттық техникалық дамыту агенттігі» АҚ инновациялық даму саласында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Астана қаласы25 Мамыр , 13:04

«Ұлттық техникалық дамыту агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов пен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Екатерина Никитинская меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында тараптар Қазақстан Республикасында индустриялды-инновациялық даму мақсатындағы ынтымақтастыққа келісімге келді, деп хабарлайды palata.kz порталы.

Құжатта инновациялық даму, мемлекеттік қолдауды кеңінен тарату мен оны ілгерілету, бірлескен сараптамалық топ құру, ҰКП Өңірлік палатасы қызметкерлерін индустриялды-инновациялық жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау тетіктерін алу мәселесі бойынша кәсіпкерлерге ақпараттық-кеңес беру қызметтерін көрсету ережелеріне тегін оқыту қарастырылған. 




Яндекс.Метрика