Энергияның балама көздерін дамыту

ШҚО-да болашақ экономикасының секторларын дамытуға ерекше ден қойылған

Аймақ басшысы «OSKEMEN EXPO-2014» пленарлы отырысында өңірде баламалы энергия көздерін дамуы туралы айтып берді.
Шығыс Қазақстан25 Мамыр , 12:02

«Энергетика – өндірістің базалық салаларының бірі. Шығыс Қазақстан облысының аумағында негізгі энергия көздері орналасқан. Олардың 5 гидроэлектростанция, 4 ірі жылу станциялары болып табылады. Айта кетерлік жайт, олардың жалпы қуаттылығы 2076 МВт құрайды», - деп ШҚО әкімі Б. Сапарбаев «OSKEMEN EXPO-2014» пленарлы отырысында мәлім етті.

Жалпы, өңірдегі өндірістердің энергия сыйымдылығы  өте жоғары. Аймақта тұтынылатын энергияның 70% кәсіпорындар пайдаланады. Егер, экономиканың индустриалды-инновациалық дамуын ескеретін болсақ, энегрияны үнемдейтін және энергетикалық қауіпсіз технологияларды енгізу, баламалы энергия көздерін дамыту мәселелерінің маңыздылығы күн санап артып келеді.

«Біз жаһандық энергетика мәселесін шешуде қол қусырып отырған жоқпыз. Осы мақсатта бірқатар инновациялық жобаларды бастадық», -деді  Бердібек Сапарбаев.

ШҚО-ның ақпараттық орталығының мәліметі бойынша, Өскеменде өткен жылдың желтоқсанында  қуаттылығы жылына 50 МВт құрайтын, күн батареясы үшін қажет кремний тілімінің өндірісі іске қосылды.  Бұдан басқа,  жалпы құны 200 млн доллар көрсететін 13 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 




Яндекс.Метрика