«Бүгін акция аясында 150 көшет отырғызылды. Бұл жоба үлкен қолдауға ие болды. Астана қаласының қоғамы, студенттік жасақтар, этномәдени бірлестік өкілдері белсенді ат салысты. «Достық саяжолы» акциясы «Во благо столицы» жобасының негізгі басым бөлімдерінің бірі» - деді «Астана Жастары» жетекшісі Қайырболат Сахметов.
Қала әкімдігінде хабарлағандай, бастама тобы алдын-ала жоспарлағандай шараға қатысуға ниеттілер өз үлестерін қоса алды. «Астана-Көгалдандыру» АҚ өз тарапынан ағаш отырғызуғ қажетті құрал-саймандар бөлді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция тек экологиялық маңызға ғана ие емес, сондай-ақ астана дамуына қоғамның белсенді ат салысуына ықпал етті. Осылайша шараға кез-келген тұрғын қатысу арқылы астана тұрғындары бір сәтте бір іске жұмылдырылды.