Евразиялық одақ

2014 жылдың соңына дейін бизнесті қолдауға қатысты бірқатар заң жобасы қабылданады – ӨДМ

Қазақстан Үкіметі 2014 жылдың соңына дейін бизнесті қолдауға қатысты бірқатар заң жобасы қабылдайды. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң брифингiнде Өңiрлiк даму министрлiгi Кәсiпкерлiктi дамыту комитетi төрағасының орынбасары Бақытжан Сәркеев мәлiмдедi.
Астана қаласы24 Мамыр , 12:24

«Кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттің  басты саясаты болып қала бермек. Отандық келіссөз жүргізушілер, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ЕАЭО аясында мемлекеттің бизнесті қолдау шараларының барлығы қаз –қалпында қалуы бойынша келісім орнатты. Сондай-ақ, несие кепілдемесі мен субсидиялау жүйесі де сақталады», - деді Б. Сәркеев.

Сондай-ақ, ол қазақстандық бизнестің нығая түсуі үшін ағымдағы жылы Президент «Бизнесті жақсартуға бағытталған шаралар» туралы Жарлығына қол қойғандығын айтты. Ол бойынша ШОБ мораторийі жарияланған болатын.

«Жыл соңына дейін қабылдануы қажетті заң жобаларына байланысты жұмыс жүргізіледі. Демек, мемлекеттік органдар жаңа түзетулер мен рұқсат енгізу кезінде заңға сәйкесінше өзгеріс енгізуге мүдделі болады», - деді ол.

Б. Сәркеев атап өткендей, «Ұйымдардың өзін-өзі басқаруы туралы» заңы қабылданатын болады, Ол барлық бизнес құрылымдардың қызметін күшейтеді. Сондай-ақ, Қазақстанның Doing Business рейтингінде жоғарылау мәселесі қаралады.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика