Ұлттың денсаулығы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған веложарысқа 2500 адам қатысты

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық унивеситетінің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар аясындағы қалалық велошеруге 2500-ден астам адам қатысты.
Алматы қаласы 24 Мамыр, 13:56

Велошеруге Алматы қаласының тұрғындары, қала қонақтары, қаладағы ЖОО студенттері, велоспорттың жанкүйерлері мен кәсіпқой спортшылар, қала әкімі А.С. Есімов және қалалық әкімшіліктің қызметкерлері қатысты.

«Ағымдағы жылы әл-фараби атындағы ҚазҰУ өзінің 80 жылдығын атап өтпек. Бұл елдегі белді жоғарғы оқу орындарының бірі. Университетте озық технологиялар қолданылып, жоғары білікті мамандар қызмет етуде. Жастар, болса қазіргі заманға сәйкес білім алуда», - деді қала әкімі Ахметжан Есімов.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының бастамасы бойынша университетте вело клуб ашу жоспарлануда. Қазірдгі таңда университет территориясында велосипедшілерге арналған тұрақтар орнатылған және университет территориясында арнайы вело жолдарды салу жоспарланып отыр.

Фото-Дәурен Исаев 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика