Евразиялық одақ

Б.Саркеев: ЕАЭО –интеграция пішінінің жетілген түрі

Еуразиялық экономикалық одақ -интеграцияның жетілген түрі. Бұл туралы Өңiрлiк даму министрлiгi Кәсiпкерлiктi дамыту комитетi төрағасының орынбасары Бақытжан Сәркеев мәлiмдедi
Астана қаласы29 Мамыр , 18:14

«Біз бүгінің өзінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында өмір сүрудеміз. Бізде ортақ кедендік шекара, ортақ Кедендік кодекс. Қазақстандық кәсіпкерліктер Беларусь пен Ресейдің нарықтарына шыға алады. Рейсей және беларусьтық кәсіпорындар Қазақстан аймағына да шығып жатыр. Бұл тұрақты үрдіс. Еуразиялық одақ-бұл интеграцияның жетілген түрі», - деді Б. Саркеев.

Оның айтуынша, әлем елдері интеграциясыз сақтала алмайды, «экономиканың  барлығы өзара әрекетте болғандықтан, ешбір ел интеграциясыз өмір сүре алмайды».

ӨДД комитеті төрағасы орынбасарының айтуынша, аймақтық топтарға ену өмірлік қажеттілік болып есептеледі.

«Бiз бүгiнгi күнi бiрыңғай кедендiк кеңiстiк құрдық. Үш ел ортасында ешбiр кедендiк қосын жоқ, ортақ кедендік кодекс бойынша жұмыс iстеп келе жатырмыз. Беларусь пен Ресей кәсiпкерлерi бiзде жұмыс iстеп жатыр, бiздiң кәсiпкерлер Ресей мен Беларусьта жұмыс iстейді. Сондықтан Еуразиялық экономикалық одаққа нақты ықпалдастықты тиiмдi етудiң бiр құралы ретiнде қарауымыз керек», - дедi Б.Сәркеев.

Камила Амирова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика