EXPO-2017

ШҚО-дағы «OSKEMEN EXPO -2014» көрмесіне әлемдік деңгейдегі ғалымдар қатысуда

Шығыс Қазақстан облысының энергия саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктері OSKEMEN EXPO -2014» көрмесінде таныстырылды.
Шығыс Қазақстан24 Мамыр , 13:04

Шараға ҚР үкімет мүшелері, ҚР Парламент Сенаты және Мәжілісі депутаттары, сондай-ақ 12 елдің өкілдері – Нобель сыйлығының лауреттары, ірі кәсіпкерлер мен ғалымдар және әлемнің түкпір-түкпірінен елшілер қонаққа шақырылған.

Көрме өткізудегі мақсат – ғылыми-техникалық жетістіктерді паш ету, жаңа «жасыл» технологияларды енгізу, халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстарды кеңейту, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.

Сонымен қатар, 2014 жылдың ақпанында «Болашақтың энергиясы» жобалар байқауы өткізілген болатын. Жалпы саны 86 өтінім қарауға алынды.

Сараптама тобының үш отырысының қорытындысы бойынша 21 аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. «OSKEMEN EXPO -2014» жиынын өткізудегі мақсат осы байқаудың жеңімпаздарын марапаттау.

«OSKEMEN EXPO-2014» шарасын өткізу аясында «Жасыл апталық» қолдауымен бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Бұл апта Өскемен қаласының Жас өнертапқыштары слеті, «ЭКСПО аллеясы» 2017 жас ағаш егу акциясы, спорт әуесқойлары арасында «Жасыл шақырым» жарысы, облыс орталығындағы ойын-сауық мекемелерінде ұйымдастырылған флеш-мобтармен ерекшеленді.

Айта кетейік, көрмеге 24 инновациялық жоба қатысуда. 




Яндекс.Метрика