Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

2015 жылы аграрлық ғылымды қаржыландыру 6,5 млрд. теңгеге дейін артады – ҚазАгроИнновация

«ҚазАгроИнновация» АҚ аграрлық ғылымды дамыту бойынша жиналыс өтті.
Астана қаласы25 Мамыр , 11:35

Отырысқа қатысушылар «ҚазАгроИнновация» АҚ салалық ғылыми институттарының, тәжірибелі станцияларының даму болашағы мен әлеуетін, өндіріс пен ғылымның өзара байланысын, өндіріске ғылыми жаңалық енгізу және жоғары білікті кадрларды даярлау, жас ғалымдарды тарту мәселелелерін талқылады.

«ҚазАгроИнновация» АҚ хабарлағандай, 2014 жылы салалық бағдарламалардың құжаттарына және шеберлік жоспарларға өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Сонымен, 2015 жылы аграрлық ғылымға колдау көрсету мақсатында мемлекет тарапынан қаржыландыру 6,5 млрд. теңгеге дейін арттырылады,ал АӨК мәліметтерді (технология) таратуға  550 млн. теңге астам қаржы бөлінеді  деп жоспарланған.     

Зерттеулердің нәтижелілігін арттыру мақсатында салалық институттар мен тәжірибелі станциалар арасында өзара қарым-қатынастың механизмі орнатылады. Олардың негізгі мақсаты өндіріске ғылыми жаңалық енгізу, бизнеспен зерттеу жүргізуде байланыс орнату болып табылады.

Келелі кеңестің қорытындысы бойынша аграрлық ғылымды 2020 жылға дейін дамыту бойынша стратегиялық құжат қабылданады. 




Яндекс.Метрика