Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

АЭФ аясында Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Еуро-Азиаттық Физика Орталығы таныстырылды

Ағымдағы жылы Париж қаласында құрылған «Халықаралық Білім Беру Жүйесі» атты халықаралық ұйым «Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Еуро-Азиаттық Физика Орталығы» халықаралық жобасын ұсынады, деп Астана экономикалық форумының ұйымдастырушылары хабарлады.
Астана қаласы25 Мамыр , 10:28

Жоба Жерорта теңіздік Іргелі Физика Институтында әзірленген(Италия);  Институттың өзі және оның басты ғалымдары мен институттың президенті Джузеппе Ерамо мырза « Халықаралық Білім беру Жүйесіне» мүше  болып табылады.

Жоба Жерорта теңіздік Іргелі Физика Институтының ғылыми профессоры әрі директоры Алексея Кавокиннің басшылығымен  жүзеге асады . 

Еуро-Азиаттық Физика Орталығы атты тұжырыдаманы зерттеуге  Европа және АҚШ-тағы жетекші университеттердің үздік физиктері өз үлестерін қосты.

Олардың көбі біздің халықаралық  ұйымымыздың мәртебелі  мүшелері  болып табылады.Физика және химия салалары бойынша Нобел сыйлығының лауреаттары,профессорлар Алан Хигер және Джордж Фитцджеральд Смут III АҚШ  Назарбаев атындағы орталықты құруға белсенді көмек көрсетті.

 «Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Еуро-Азиаттық Физика Орталығы»  халықаралық жобасының мақсаты Қазақстанның экономикасын өркендетуге әрі дамытуға арналған,соның ішінде « Барлығына төзімді энергетика» БҰҰ жобасы аясындағы өзекті ғылыми жобалар мен білім алу жобаларын  зерттеу және жүзеге асыру болып табылады.

Орталық  Орталық Азияның ірі зерттеу орталықтары және Еуропа мен Азияның университеттермен тығыз байланыс орнатуға арналған Батыс пен Шығыс арасындағы Ғылыми Көпірдің  рөлін атқарады.  

 




Яндекс.Метрика