Халықаралық интеграция

Еуразия елдері табиғат ресурстарына ие болудан барынша пайда табу керек - Дүниежүзілік банк баяндамасы

Астана экономикалық форумы аясында Дүниежүзілік банктің «Әртараптандырылған даму: Еуразияда табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану» баяндамасы таныстырылды, деп ұйымдастырушылар хабарлады.
Астана қаласы25 Мамыр , 15:43

Әлемнің әр түрлі өңірлеріндегі ресурспен қамтамасыз етілген елдердің тәжірибесі экспортты немесе өндірісті әртараптандыру дамудың қажетті де, жеткілікті де факторы болып табылмайтынын куәландырады. Баяндамадың авторлары Еуразия елдерінің үкіметтеріне экспортты немесе өндірісті әртараптандыруға күш-жігерін бір жерге топтамай адаммен және экономикалық институттармен құрылған табиғи ресурстар, капитал арасындағы оңтайлы теңгерімді қамтамасыз ету үшін - ұлттық байлықтың әртараптандырылған құрылымын қалыптастыру туралы ойлауды ұсынады.

Баяндамада ұсынылған деректерге сәйкес, қазіргі таңда Еуразия елдерінің ұлттық байлығынығ құрылымында мұнай және газ қорлары, мектептер мен ауруханалар, ал кейбір жағдайларда автомобилдік және темір жолдар сияқты материалдық активтердің үлесі өте зор. Сол мезгілде, аталған өңірдің елдері  материалдық емес капиталмен қамтамасыз ету бойынша, атап айтқанда, білім деңгейі, медициналық көмек сапасы, тұрақсыз табиғи-ресурстық рентаны басқаруға арналған институттардың тиімділігі бойынша табысты елдерден арта қалуда.

Экспортты немесе өндірісті әртараптандыру дамудың қажетті де, жеткілікті де факторы болып табылмайды

 Баяндаманың негізгі қорытындысы әртараптандыру даму дәлелінен емес нәтижеден тұрады. Табысты дамушы елдер әртараптандыруды табиғи жолмен - активтерін әртараптандыру және институттарды жетілдіру шамасында жүзеге асыратын болады. Жеделдетілген әртараптандыру, мысалы, экономиканың жаңа салаларын қаржыландыру жолымен, егер ол ұлттық капитал құрамымен келісілмеген жағдайда әрқашан сәтсіздікке душар болады, әдеттегідей ол экономиканың тиімсіздігіне алып келеді.

Баяндамада Еуразияның 12 еліндегі  экономикалық даму үдерістерін зерттейді, оның Әзербайжан, Қазақстан, Ресей, Түркменстан, Украина және Өзбекстан сияқты алты елі -  табиғи ресурстарға бай; ал Армения, Беларусь, Грузия, Қырғыз Республикасы, Молдова және Тәжікстан сияқты басқа елдер - маңызды табиғи ресурстары жоқ. Соңғы екі он жылдық ішінде табиғи ресурспен қамтамасыз етілген елдер өз байлықтарын өсіріп және өзінің әл-ауқатының бір бөлігімен басқа елдермен - даму мақсатында сауда, көші-қоң, инвестиция және көмек арқылы бөліскендіктен барлық өңірдің дамуына маңызды рөл атқарды.

Баяндама авторлары табиғи байлықтар өңір елдерінде тұратын 280 миллион адамның көпшілігіне тіршілік деңгейін қамтамасыз ете отырып Еуразияға жақсы қызмет етті деп қорытындылады. 2000 жылдан бастап халық кірісібес есеге өсті, медициналық және білім қыметтерінің сапасы артты. Өңірдегі кедейліктің елеулі қысқаруы ең маңызды жетістік болды: 1990-шы жылдардан бастап кедейлік деңгей екі есеге төмендеді. Барлық осы жақсарулар шикізат тауарлар бағасының жоғары деңгейі мен өсуіне тура келді.

«Шикізат бағасының тұрақсыздығымен шақырылған жоғары құбылмалылық проблемаларын шешу үшін, Еуразия елдерінің экономикалық саясатын анықтайтын тұлғаларға табиғи ресурстарымен бай - табысты да сәтсіздікке душар болғандардың да басқа да экономика тәжірибелері пайда болуы ықтимал, деп - Дүние жүзілік банктің экономиканы басқару және кедейлікті қысқарту секторының басшысы және баяндама авторларының бірі  Ивайло Изворски атап көрсетті. «Бізбен келтірілген зерттеулер тыс ерте кезеңдерінде негізгі қызметтерінің сапасын артыруды қамтамасыз еткен және жеке кәсіпкерлікті реттеуді жетілдірген елдер құбылмалылықты бақылау, сондай-ақ жоғары табыс деңгейімен экономика мәртебесін алу мәселелерінде өте табысты болғанын көрсетеді».       

Табысқа жету үшін, дамушы ресурспен қамтамасыз етілген елдерге ертерек институттарды нығайтуды бастау керек

Баяндамада Еуразия өңірінің барлық елдеріндегі экономикалық институттардың сапасын арттыру мемлекеттік қаржы тұрақтылығын нығайтып және олардың құбылмалылығын төмендетіп, жұмыс күшінің өнімділігін арттыру мақсатында білім жүйесі мен инфрақұрылымын жетілдіріп, сондай-ақ жеке кәсіпорындар құру мен кәсіпкерліктің дамуын ынталандыруға танылған бәсекелестіктің дамуына әсер ететінін атап көрсетіледі. Келесі он жылдыққа Еуразия елдері үшін үш маңызды басымдылық анықталды - ол экономика тұрақтануы, білім деңгейінің артуы мен бәсекелестіктің дамуы. 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика