Халықаралық интеграция

Вьетнамдық инвесторлар Қазақстанның бизнесіне қызығушылық танытуда

Астана экономикалық форумы аясында ҚР ИЖТМ индустрия және туризм комитетінің төрағасы Марат Иғалиев пен Вьетнамның Қазақстандағы құрметті елшісі, «Sovico Holding» басқарма төрағасы Нгуен Тан Хунгтің кездесуі өтті.
Астана қаласы24 Мамыр , 11:16

Кездесу барысында вьетнамдық тарап Қазақстанға елдер жағасындағы курорттық аймақтарды бірлесе дамытуды ұсынды, деп индустрия және туризм комитетінде хабарлады.

Оған, қоса, инвестициялық холдинг Қазақстандағы қонақ үйлерге  жаңарту енгізуге ниетті екендігін көрсетті. Сондай-ақ, турпакеттерді «Sovico Holdings» холдингінің құрамына енетін «VietjetAir» авиакомпаниясы арқылы дамытуды  ұсынды.

Өз кезегінде, қазақстандық тарап 2020 жылға дейін туристік саланы дамыту тұжырымдамасы аясындағы жүзеге асырылатын жобаларды  таныстырды. Атап айтсақ, Щучинск-Бурабай  курорттық аймағы бойынша инвестициялық ұсыныстар берілді. 




Яндекс.Метрика