Халықаралық интеграция

Елбасы Малайзияның Премьер-Министрімен кездесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разак бірлескен баспасөз брифингін өткізді, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы24 Мамыр , 09:48

Қазақстан Президенті түрлі жайттар жөнінен екі елдің ұқсастығына назар аударды.

«Біз этностардың әралуандығымен, діннің өзара ықпалдастығымен, сыртқы саяси қызметімізбен, экономикаға қатысты көзқарастарымызбен ұқсаспыз. Сондықтан біздің ел Малайзиямен ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибесін қолдануға, бұл елде мемлекеттік қызметшілер мен студенттерімізді оқытуға  мүдделі. Наджиб Тун Разактың бүгінгі сапары елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды жаңа деңгейге алып шығады деп сенемін», – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты қарым-қатынастардың дамуының оң қарқынын атап өтті.

Наджиб Тун Разак келіссөздер барысында «Петронас» компаниясы тарапынан Қазақстанның мұнай-газ саласына инвестиция салу мүмкіндігі де сөз болғанын айтты.

Бұған қоса, ол елдеріміздің көптеген халықаралық мәселелер жөніндегі ұстанымдары ұқсас екендігін атап өтті.

Соңында Малайзия Премьер-Министрі өзінің сапары екіжақты қатынастарды нығайтуға, тереңдетуге септігін тигізетіндігіне сенімін білдірді.




Яндекс.Метрика