Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Терминологиялық сөздік: Әлеуметтік қауіпсіздік

Strategy2050.kz ақпараттық агенттігі ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы терминдер мен ұғымдарды жариялауды бастайды.
Астана қаласы23 Мамыр , 19:56

«Әлеуметтік қауіпсіздік» термині ғылыми және саяси айналымға салыстырмалы түрде жақын уақытта енді және өз дамуын халықаралық құжаттардың бірқатарында тапты. Олардың ішінде 1995 ж. Әлеуметтік даму бойынша дүниежүзілік конференцияда қабылданған Дүниежүзілік әлеуметтік декларацияны ерекше бөлу қажет. Онда былай деп айтылған: «Біз азық-түлікке құқық, дауыс беру құқығы секілді қасиетті болып келетін, бастапқы білім алуға құқық баспа еркіндігіне құқық секілді құрметті болып табылатын, дамуға деген құқық адам құқығының іргелі түрлері ретінде қарастырылатын қоғамды қалыптастыруды ұсынамыз».

Декларацияда әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің минималды міндеттері тұжырымдалған:

- қыз балалар үшін де, ұл балалар үшін де жалпы бастапқы білім беру;

- ересек адамдар арасындағы сауатсыздық деңгейін екі есе қысқарту;

- балаларға вакцина егудің басымдылығы бар, барлығына арналған қарапайым медициналық көмек;

- тойып жей алмаудың өткір жағдайларын жою;

- қалағандардың барлығына отбасын жос-парлау бойынша қызметтерді көрсету;

-  барлығы үшін қауіпсіз ауыз суы және тазалық сақтау;

-  өзін-өзі жұмыспен қамту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мақсатында барлығы үшін не-сиелер.

Әлеуметтануда «әлеуметтік қауіпсіздік» термині тұлғалардың және әлеуметтік топтардың саяси, экономикалық, рухани басылуын, оларға қатысты мемлекет және (немесе) басқа да әлеуметтік субъектілердің тарапынан өз мақсаттарына қол жеткізуі үшін зорлық және қарулы күштерді қолдануын бол-дырмайтын әлеуметтік өзараәрекеттесу және қоғамдық қатынастардың жағдайы.

«Әлеуметтік қауіпсіздік» түсінігін анық-тауда мүмкін тәсілдердің бірі шетелде кең тарады. Бұл тәсіл үшін «әлеуметтік қауіпсіздік» түсінігін «әлеуметтік қамсыздандырылу» түсінігімен орайластыру сипатты болып келеді. Бұл ретте, әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мұқтаж азаматтардың категорияларына материалды және басқа да көмек түрлерін көрсету мәселелерін шешу жалпы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі аспектілерінің бірі деп ұйғарылады.

Американдық зерттеуші С. Дойлдың пайымдауынша мемлекет «әлеуметтік саланы, білім беруді және экономиканы дамыту бойынша шараларды сыртқы әсерлерсіз жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болса, өз азаматта-рын баспанамен, азық-түлікпен, жұмыспен қамтамасыз етіп, олардың азаматтық құқықтары мен жеке еркіндігін қорғай алса», онда бұл мемлекет әлеуметтік қауіпсіздік жағдайында.

Аталған тәсілге сәйкес әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешу бойынша тәжірибелік жұмыс іске асырылуда. Мысалы, АҚШ-та әлеуметтік қауіпсіздік мәселелерімен федералды биліктің арнайы құрылған, 1929–1933 жж. Ұлы депрессиядан кейінгі әлеуметтік жарылыстың алдын-алу үшін 1935 ж. қабылданған әлеуметтік қауіпсіздік туралы заң негізінде әрекет ететін Әлеуметтік қауіпсіздік басқармасы айналысады.

Қазақстандық тәжірибеде «әлеуметтік қауіпсіздік» түсінігі тікелей анықталатын заңнамалық құжаттар жоқ. Дегенмен, мамандардың ойынша, көптеген мемле-кеттер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін, әлеуметтік қауіпсіздік әскери қауіпсіздіктен кем емес маңыздылыққа ие болуда. Әлеуметтік қауіпсіздік елде қазіргі кездегі және болашақта болуы мүмкін ұлттық мүдделерге жауап беретін, жеткілікті жоғары өмір стандарттарының, әлеуметтік қамсыздандырылудың, білім берудің, денсаулық сақтау саласының бар болуын, қоғамның позитивті құндылықты бағытталуын қалыптастыру және дамытуты ұйғарады.

Әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету инклюзивті экономикалық өсуді жүзеге асырумен тікелей байланысты. Ол экономиканың макро және микродеңгейлері арасында тікелей байланысты орната отырып, қоғамның әрбір тобы үшін ресурстардың әділ таратылуына негізделеді. Микродеңгейде қоғамның құрылымдық трансформациясы нәтижесінде экономикалық, әлеуметтік және территориалды тұтастық пен теңдікті қамтамасыз ететін, жұмысбастылығы жоғары деңгейдегі экономиканы құру жүреді. Негізгі ресурстар мен қызметтерге қол жетімділікті кеңейту негізінде өмір сүру деңгейін жоғарлату мүмкіндіктері беріледі, ең бастысы – өскелең болашақ үшін негіздер құрылады.

Мұндай өсудің бөлігі халықтың барлық топтарына қол жетімді инклюзивті қаржылық жүйе болып табылады. Ол өзіне келесі құрамдас бөліктерді қосады:

- кедей және тұрмысы төмен клиенттер қаржылық жүйенің ортасында орналасқан. Қаржылық қызметтерге деген олардың сұранысы басқа барлық деңгейлердегі әрекеттерді басқарады;

- қаржылық жүйенің негізін провайдерлердің бөлшек қаржылық қызметтері құрайды, олар кедейлер мен тұрмысы төмендерге тікелей қызмет көрсетеді;

- трансакциялық шығындарды төмендетуге, қамтуды кеңейтуге, қаржылық қызметтер арасында айқындылықты және дағдыларды дамытуға қажетті қаржылық инфрақұрылым және қызметтер спектрі құрылады;

- инклюзивті қаржылық жүйенің дамуының сәйкес заңнамалық және саяси шектеулері құрастырылады.

Айта кетейік, Strategy2050.kz ақпараттық портал базасында ҚР Президентінің «Қазақстан-2050»: Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы бойынша интерактивті терминологиялық анықтамалықты таныстырылған болатын. Терминологиялық сөздіктің толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.

 

 




Яндекс.Метрика