Халықаралық интеграция

Жібек жолы бізге теңдессіз бағыттар желісін ұсынады – Х.Акынжи (ФОТО)

Жібек жолы бізге теңдессіз бағыттар желісін ұсынады, біз оны тиімді қолдана білуіміз керек, деп мәлімдеді Түркі тілдес мемлекеттер достастығы кеңесінің бас хатшысы Халил Акынжи АЭФ аясында өткізіліп жатқан «Туризм – интеграция негізі» панельді сессиясында.
Астана қаласы 23 Мамыр, 18:31

«Туризм әлеуметтік-экономикалық прогресстің маңызды секторы болып табылады. Сонымен қатар, оның оның Түркі кеңесі ынтымақтастығындағы алар орны да орасан. Түркі одағы тек мүше мемлекеттер арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты арттырып қана қоймай, сонымен қатар осы елдердегі туризм саласын өзге мемлекеттерге де ілгерілетуге бағытталған», - дейді ол.

Оның айтуынша, Жібек жолының туристік әлеуетін арттыру Түркі кеңесінің басты мақсаттарының бірі болып табылады.

«Ұлы Жібек жолы адамзат баласының бұрын-соңды құрған ең ірі байланыс бағыты болып табылады. Ол батыс пен Шығыс арасын жалғай отырып, ежелгі мемлекеттердің қарым-қатынасына мүмкіндік берген. Енді мәдени тарихи мұрамызды ескере отырып, сонымен қатар табиғи жән географиялық ерекшеліктерді назарға алып Жібек жолы бізге теңдессіз бағыттар желісін ұсынады, біз оны тиімді қолдана білуіміз керек», - дейді ол.

Сонымен қатар, аталмыш мүмкіндікті толықтай қолдана білу үшін біз әлемдік туризм индустриясының тенденциясын басты назарға алуымыз қажет.

Жалпы, Дүниежүзілік туристік ұйымның болжамынша, 2030 жылға қарай аталмыш бағыттағы халықаралық байланыс 1,8 млрд-ты құрамақ. 





Яндекс.Метрика