G-global

Қазақстан «Монополияға қарсы саясат тиімділігі» индикаторы бойынша 4 орын жоғары көтерілді - Ғ.Оразбақов (ФОТО)

2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан «Монополияға қарсы саясат тиімділігі» индикаторы бойынша 4 орын жоғары көтерілді, деп VII Астана экономикалық форумында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғалым Оразбақов мәлім етті.
Астана қаласы 23 Мамыр, 18:19

«Соңғы кездері Қазақстанда монополияға қарсы саясат нығайтылып келді. Нәтижесінде, Қазақстан «Монополияға қарсы саясат тиімділігі» индикаторы бойынша әлемдік рейтингте 4 орын жоғары көтеріліп, 91 орынға тұрақтады», -деп Ғ. Оразбқов хабарлады.

Конференция барысында  Ғ. Оразбақов бәсекелестік мәселесі бойынша диалог алаңын құруды ұсынды. Оның айтуынш аталмыш алаң «G-Global» платформасы аясында жұмыс істейтін болады.

«Бұл өз кезегінде әр қатысушыға осы саланы дамыту үшін ұсынысын беруге, жаңа идеялар мен мүмкіндіктерді жаңғыртуға және манополияға қарсы саладағы тәсілдерді жетілдіруге мүмкіндік береді», - деп Қ. Оразбақов атап өтті.

Айта кетерлік жайт, атамыш алаңға қатысу қаржылай шығынды немесе құқықтық міндеттерді артпайды.

Мадина Нұрбекова

Фото- Азамат Алиев





Дерекнама

Яндекс.Метрика