Халықаралық интеграция

Қазақстан ЭЫҰ елдерінің экономикасына айтарлықтай инвестиция салды – Б. Сұлтанов

Қазақстан 5 жыл ішінде ЭЫҰ мүше елдерінің экономикасына айтарлықтай инвестиция салды. Бұл туралы Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдері қаржы министрлерінің 4-ші кеңесінде ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
Астана қаласы23 Мамыр , 17:52

Кеңесте тараптар  аймаққа инвестиция тарту мақсатында ынтымақтастықты нығайту қажеттілігін атап өтті.

«Әзірбайжан Республикасының Қазақстанға салған ивестициялық салымы соңғы 5 жылда 60 млн долларды құрады. Түркия -269 млн долларды әкелді», - деді Б. Сұлтанов.

Қазақстаның ЭЫҰ елдеріне салған инвестициясына  келетін болсақ, салым айтарлықтай жоғары көлемге ие.

«Қазақстанның ЭЫҰ елдеріне салған салымы айтарлықтай көлемге ие. Мәселен, Иранға – 8,8 млн доллар, Түрікменстанға – 11 млн доллар, Әзірбайжанға – 25 млн доллар, Тәжікстанға – 51 млн доллар, Өзбекстанға – 95 млн доллар, Қырғызстанға – 260 млн доллар, Түркия – 522 млн доллар», - деді ол.

Айта кетейік, кеңес аясында Астана декларациясы қабылданды, сондай-ақ, ЭЫҰ елдері ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын анықтады. 

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика