Халықаралық интеграция

ЭЫҰ аясында Қазақстан мен Түркияның тауар айналымы 1,2 есеге көбейді – Б.Сұлтанов

Бүгін Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қаржы және экономика министрлерінің 4-інші кеңесінде Қазақстан Республикасы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ЭЫҰ аясындағы Қазақстан мен Түркия тауар айналымының 1,2 есеге артып, 3,5 млрд долларды құрағанын айтты.
Астана қаласы23 Мамыр , 17:45

«ЭЫҰ үшінші кеңесінен кейінгі есеп беру мерзімінде Қазақстанда ұйымның бірқатар мемлекеттерімен арадағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілгені байқалады. Түркиямен арасындағы тауар айналымының 1,2 есеге артып, 3,5 млрд долларды құраса, Қырғыз Республикасымен 1,6 есеге артып, 1,1 млрд долларды құрады», - дейді Б.Сұлтанов.

«Ауғанстан Ислам Республикасымен арадағы тауар айналымы 2,5 есеге төмендеп, Иранмен арадағы сауда-саттық көлемі 3,3 есеге азайды. Бұл дегеніңіз жоғарыда аты аталған мемлекеттермен арадағы байланыс деңгейінің өз дәржесінде құрылмай, алдағы уақытта ынтымақтастықты дамыта түсуге көңіл аударудың қажеттілігінен хабар береді», - дейді ол.

«Сол себепті, менің ойымша, ЭЫҰ мүше мемлекеттерінің жеке секторларымен арадағы байланысқа назар аударып, салықтық және кедендік әкімшілік пен транспорттық инфрақұрылым мен транзитті тауарлардың қарқынды қанат жаюына жағдай жасауымыз  қажет», - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, ЭЫҰ 1985 жылы құрылған. Бүгінгі таңда аталмыш ұйым 1977 жылдың 12 наурызында Иран, Пәкістан мен Түркияның құрылтайшы мемлекеттері тарапынан қол қойылған Измир Келісімі Қаулысы негізінде жұмыс істейтін дамудың өңірлік ынтымақтастығының тең құқылы ұйымы болып табылады. 1992 жылдан бастап ЭЫҰ қызметі Қазақстан, Әзірбайжан, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан мен Өзбекстанның қосылуымен жандана түсті. 

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика