2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Астаналық студенттер G-Global жобасын қолдау мақсатында флешмоб өткізді

Қазақстанның ірі халықаралық жобаларының жүзеге асуына астаналық жастар да өз үлестерін қосты. VII Астана экономикалық форумының қорытынды күнінде шамамен 200-дей студент Тәуелсіздік сарайының алдында, АЭФ қонақтарын шығарып салу мақсатымен, көркем акция ұйымдастырды.
Астана қаласы 23 Мамыр, 19:06

Еске сала кетейік, 21 мамыр күні, VII Астана экономикалық форумының бірінші күні Тәуелсіздік сарайының алдында мотошеру бастау алған еді. Оның қатысушылары шамамен 20 елді аралап, барған жерлерінде Қазақстанның халықаралық бастамалары - G-Global жобасы мен Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесін насихаттайды. 23 мамыр күні бұл топ Ресеймен шекара жақтағы Қостанай облысының ауылына жетті.

Бірдей футболкалар мен қалпақшалар киіп алған флешмоб қатысушылары көкке «G-Global» логотипі бейнеленген екі мың түрлі-түсті шар ұшырды, деп форум ұйымдастырушылары хабарлады.

Студенттердің айтуынша, бұл акция - Қазақстан жастарының күллі әлемді G-Global алаңына қосылып, жаһандық мәселелердің шешімін бірлесіп табуға шақыру үшін өткізілген.

Мотоциклдағы саяхаттанушылар үлкен маршрутты басып өтеді, олар барған жерлерінде Қазақстанның мәдениеті мен жетістіктерімен, «жасыл экономиканың» артықшылықтарымен таныстырып, спорт пен туризмді дамыту туралы, Астана жайлы және  G-Global жобасы мен «EXPO-2017» көрмесі туралы айтып береді. Мотошерудің барлық қатысушылары экстремалды бейне түсірілімге арналған «GoPro» камераларымен қамтамасыз етілді.

Соның арқасында телекөрермендер саяхаттанушылардың барлық жүріп өткен жолдарын өз көздерімен бақылап отыра алады.

Жоба 39 күнге жоспарланған. Осы уақыт аралығында қазақстандық мотошерушілер 20 елді - Ресей, Финляндия, Швеция, Норвегия, Дания, Германия, Нидерланды, Бельгия, Франция, Швейцария, Монако, Италия, Австрия, Венгрия, Румыния, Молдова, Түркия, Грузия, Әзірбайжан елдерін аралап,

Астананың туған күні - 6 шілдеде елге оралады.

 





Яндекс.Метрика