EXPO-2017

EXPO-2017 халықаралық көрмесінің нышанын таңдау байқауы басталды

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК»АҚ EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің үздік маскоты (нышаны) дизайнына байқаудың басталуы туралы хабарлайды.
Астана қаласы23 Мамыр , 17:06

Көрменің маскоты алдағы іс-шараның тақырыбын және еліміздің мәдениетінің ерекшеліктерін ең үздік түрде көрсеткен  жанды немесе жансыз кейіпкер болуы мүмкін.

Жұмыстар бір ай ағымында 2014 жылғы 20 мамырдан бастап 20 маусымға дейін mascot@expo2017astana.kz.  байқаудың электронды поштасына қабылданады.  Барлық жұмыстардың ішінен сарапшылар 7 үздік дизайн -жобаларды таңдайды.

Байқаудың жеңімпазы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-пен Маскоттың брендбугын әзірлеуге келісім-шарт жасасады.

 

 




Яндекс.Метрика