Инвестициялар

Жапондық инвестор Астанада автокөлік терминалын салуға ниетті

Тасымалдау саласындағы әлемдік көшбасшы NYK Group компаниясы Астанада автокөлік өңдеу бойынша логистикалық орталық құруға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды «Kaznex Invest» ұлттық агенттігі.
Астана қаласы23 Мамыр , 19:42

Kaznex Invest ұлттық экспорт және инвестиция агенттігі Астана қаласының инвесторларына қызмет көрсету орталығымен кездесу ұйымдастырды. Ондағы мақсат жер телімдерін ұзақмерзімді жалға беру бойынша Жер комитетіне сұраныс беру. Елордадағы жоба құны  шамамен 5 млн долларды құрайды.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА сәйкес жобасы бойынша Kaznex Invest-тің атсалысуымен «ҚТЖ-Экспресс» пен KAZLOGISTICS тасымалдаушылар одағы жетекшілігімен келіссөздер өткізілді.

Айта кету керек, NYK Group компаниясы «Транко-Терминал» ЖШС, терминалдық және логистикалық операторының 100 пайыз үлесін ала отырып Алматыда автокөлік терминалына инвестиция құйған. Нәтижесінде «NYK AutoLogistics (Kazakhstan)» компаниясы дүниеге келді. Ал оның жұмысы негізінен автокөліктерді терминалды дайындау мен тасымалдау қызметін көрсету. Компания Toyota Motors Kazakhstan, Mitsubishi Motor Kazakhstan, Suzuki Motor RUS үшін логистикалық қызметтің басты провайдері  болып саналады.

Осылайша NYK Group Қазақстанда автокөлік  саласында тиімді жүйе ұсынбақ.




Яндекс.Метрика