Евразиялық одақ

Қ. Келімбетов: ЕАЭО туралы келісім - қатысушы мемлекеттер арасындағы үлкен сенімді білдіретін құжат

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов, ЕАЭО туралы келісім - қатысушы мемлекеттер арасындағы үлкен сенімді білдіретін құжат, деп атап өтті.
Астана қаласы29 Мамыр , 09:32

«Егер, ТМД елдерінің соңғы 20 жылдағы экономикасына көз жүгіртетін болсақ, әркімнің өз жолы болғаны аңғарылады.   Бірі экономикасын көтерсе, енді бірі құрылымдық реформаны өзгертті, тағы бірі жаһандық деңгейде шынымен-ақ бәсекеге қабілетті. Сондықтан да, олардың ішіндегі экономикасы күштірек елдер екі-үш мемлекет арасында бірлескен одақтар құруға кірісті», - деді Қ. Келімбетов.

Оның айтуынша, пост кеңестік кеңістіктегі интеграция негізінде әрқашан Қазақстан, Ресей мен Белоруссияның байанысы жатты.

«Бізде еркін сауда аймағы болды, ал алдағы бірігу ол баршаға ортақ нарықты құруды білдіреді. Бүгінгі таңда үлкен жұмыс атқарылды. 2010 және 2014 жылдар аралығындар сарапшылар нәтижелі жұмыс көрсетті. Көбіне оларды өздерінің мемлекеттерінде шын сезіне алады. Алайда ЕАЭО туралы келісім - ол шын мәнінде қатысушы мемлекеттердің салалар бойынша арасындағы  сенімін білдіреді», - деп Ұлттық банк басшысы баса айтты.

Сонымен қатар, ол, соңғы жылдары ЕАЭО туралы Келісімді жасақтауда еліміздің бизнес өкілдері белсенді араласты, деп атап өтті.

Мадина Нұрбекова




Дерекнама

Яндекс.Метрика