Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы

СҚО-да ауыл ауруханасы күрделі жөндеуден өтті

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында орталық аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Солтүстік Қазақстан06 Тамыз , 00:00

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының «Ауылдық елді мекендерді дамыту» бағыты бойынша Явленка ауылындағы орталық аудандық аурухананың жалпы корпусы мен хирургиялық бөлімінің қасбетіне терезелерін ауыстыра отырып жөндеу жұмыстары жүргізілді», - деп мәлім етті жұмыспен қамтуды реттеу және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Асқар Сақыпкереев.

Жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 17 млн теңге бөлінді. Оны Петропавл қаласының «Севказэнергострой» ЖШС-ы жүргізді. 
Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда 11 жұмыс орны, оның ішінде Жұмыспен қамту орталығы арқылы 5 жұмыс орны ашылды. 




Яндекс.Метрика