Евразиялық одақ

Қазақстан барлық сауда серіктестерімен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі– Б. Сағынтаев

Бүгін VII Астана экономикалық форумы аясында өтіп жатқан «Еуразиялық экономикалық ықпалдасуға – 20 жыл. Қорытындылары және перспективалары» панелдік сессиясы барысында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
Астана қаласы23 Мамыр , 15:55

«Біз Еуразиялық экономикалық кеңестің құрылуына келдік. КО мен БЭК аясында келісім және құқықтық негізінде Еуразиялық экономикалық одақ келісім шартының жобасы дайындалды.  Қазақстан көптеген интеграциялық идеяларға бастама болғанын атап өткім келеді. Олар сәтті іске асырылуда. Еуразиялық интеграцияның экономикалық әлеуеті өте орасан. Бұған Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысына қатысуға үшінші елдердің қызығушылық танытуы дәлел», - деді Б.Сағынтаев. 

Б.Сағынтаев атап өткендей, Қазақстан барлық сауда серіктестерімен ынтымақтастықты кеңейтуге, өзара инвестиция көлемін арттыруға мүдделі. 

«Біз Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуеті оның қатысушыларына да, сондай-ақ, Еуразияның барлық елдеріне де пайда әкелетініне сенімдіміз», - деп қосты ол.

Жалпы, Еуразиялық кеңістіктегі интеграция үрдісі 20 жылдық тарихқа ие. Шаруашылық-экономикалық негіздегі бағыттарды сақтау өткен ғасырдың 90-шы жылдары сыр білдіре бастады. Интеграцияның негізгі бағыттаушы күші ретінде экономиканың түрлі саласындағы кооперациялық жүйе болып есептелді.

«1994 жылы ҚР Президенті Н. Назарбаев М.Ломоносов атындағы ММУ-де Еуразиялық экономикалық одақтың құрылу идеясын ұсынған болатын. Бұл бастаманы сол кезде ғалымдар бірден қолдады», - деді Б. Сағынтаев.

«Мемлекет басшысы сол кезде посткеңестік кеңістікте интеграциялық ұйымдардардың бірігу қажеттігін атап өтті. 20 жыл ішінде ТМД аясында Қазақстан тарапынан интеграциялық бастамалар ұсынылды. Жаңа байланыстар нығая түсті. Бұл үрдіс ол кездері аса маңызды болмады, 200 жылдан бастап қана қозғаушы күшке ие бола бастады», - деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика