G-global

Астанада G-Global жобасын қолдау мақсатында суретшілердің акциясы өтуде

VII Астана экономикалық форумы мен ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция барысында, 21-23 мамыр аралығында, 3 күн бойы Тәуелсіздік сарайында G-Global коммуникативтік алаңын қолдау мақсатында Астана суретшілері Одағы акция өткізуде.
Астана қаласы 23 Мамыр, 15:27

Шара 3 күнге созылады, әзірге 100-ден астам тұлғаның портреті  салынды, қатысушылар тарапынан қызығушылық артуда. 

 «G-Global жобасын қолдау мақсатында Астана суретшілер Одағы форум қонақтарына қызмет көрсетудеміз. Келушілер саны өте көп. Біздің мақсатымыз - бір жағынан G-Global жобасын насихаттау болса, екінші жағынан қонақтардың назарын бір мезетке болса да аулап, дем алуға мүмкіндік туғызу. Әсіресе шетелдерден келген қонақтарға үлкен қуаныш сыйлаудамыз деп ойлаймын. Әрқайсысы өз ризашылықтарын білдіріп, жүрген жерлерінде G-Global-ды насихаттап жүретіндіктерін айтты», - Астана қаласы «Жас суретшілер бірлестігінің» төрағасы Жеңіс Молдабеков.





Яндекс.Метрика