G-global

АЭФ аймақтық пікірталас алаңынан халықаралық экономикалық өмiрдiң әйгiлi iс-шарасына айналды

ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев VII Астана экономикалық форумы қатысушыларын құттықтау барысында АЭФ аймақтық пікірталас алаңынан халықаралық экономикалық өмiрдiң әйгiлi iс-шарасына айналғандығын айтты.
Астана қаласы23 Мамыр , 15:18

«Бiздiң форумымыз аймақтық пікірталас алаңынан халықаралық экономикалық өмiрдiң әйгiлi iс-шарасына айналды. Президенттің айтуынша, 150 елдегі 4 млн пайдаланушының басын қосып отырған G-GLOBAL ғаламдық диалогтың виртуалды алаңы сәттi жұмыс iтеуде», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

Н. Назарбаев атап өткендей, «Бұл форум 150 елден 10 мың қатысушыны жинап отыр. БҰҰ қолдауымен Астана экономикалық форумы аясында II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция өттi. Бұл форумның аясында өте көп мәселелер қамтылған. Мен форумға қатысушылардың барлығына Қазақстанға өз уақытын бөлiп келгені үшiн ризашылығымды бiлдiремiн».

Бауыржан Мұқанов




Дерекнама

Яндекс.Метрика