Халықаралық интеграция

Қазақстан ЮНКТАД аясында ынтымақтастықты тереңдете түсуге мүдделі – Е. Досаев

Біз ЮНКТАД аясында ынтымақтастықты терендете түсеміз, деп мәлімдеді ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев сауда және даму бойынша БҰҰ Конференциясының Халықаралық сауда орталығының атқарушы директоры Анчара Гонсалеспен кездесу барысында.
Астана қаласы23 Мамыр , 15:08

Экономика министрлігінің Басшысы Халықаралық сауда орталығын  БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда саясатын дамыту Орталығымен  2013 жылы бірігіп  Қазақстан саудасы үшін  тарифиік емес тосқауылдар зерттегені үшін алғысын білдірді, деп ЭБЖМ хабарлады.

Ерболат Досаев экспорттық стратегияны жасаудағы мүмкіндіктерді күшейту саласында Халықаралық сауда орталығының тәжірибесі мол екендігін айрықша атап өтті, және Қазақстан бұл салада ынтымақтастықты күшейтуге қызығушылығын білдіретіндігін айтты.

Қазақстан ЮНКТАД  өткізетін өтпелі экономикасымен мемелекеттер және дамушы мемлекеттер арасында, және теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдер тобына  ынтымақтастық қолдау көрсету аясындағы шараларға белсенді түрде қатысады.




Яндекс.Метрика