Евразиялық одақ

Бизнес ЕАЭО аясындағы бәсекелестікке дайын болуы тиіс – Т. Болғауов

Экономика ғылымдарының кандидаты, іскерлік әкімшілік және бизнес кафедрасының профессоры Тоқтар Болғауов Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу артықшылықтары туралы атап өтті.
Шығыс Қазақстан29 Мамыр , 09:04

«Еуразиялық интеграция идеясын талқылау бүгін немесе кеше басталған жоқ. Бізге одақтың  пайдасы мол тиді. Қазір ұйымдардың саны аз емес. Осы орайда  бәсекелестік өсуде. Бәсекелестікке қабілетті болу үшін кейбір стандарттарды төмендету керек. Елдер арасында баж салығы көбейеді деген ой келу мүмкін. ЕАЭО пайда болғаннан кейін, олар реттеліп, барынша қысқарады», – деді профессор.

Сондай-ақ, ол қазақстандық кәсіпкерлер ЕАЭО аясындағы бәсекелестікке дайын болуы тиіс екендігін атап өтті.

«Кәсіпкерлер өз пайдаларын мемлекеттің экономикасын көтеру арқылы жүзеге асыра алады. Қазіргі таңда аталмыш одақ ауадай қажет. Ауыл шаруашылығын алатын болсақ, біздің кәсіпкерлердің бұл салада жетістігі біршама. Мәселен, Ресейге шыққан ет экспорты 5 есеге көбейді», - деді Т. Болғауов.

 




Яндекс.Метрика