Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Қазақстанда туристік салаға қатысты карта жасақталады

ҚР ИЖТМ индустрия және туризм комитеті мен «Парасат» ҰҒТХ география институты турситік салаға арналған карта жасақтауда.
Астана қаласы23 Мамыр , 14:34

Астана экономикалық форумы аясында ҚР ИЖТМ индустрия және туризм комитетінің төрағасы Марат Иғалиев  пен «Парасат» ҰҒТХ география институтының директоры Медеу Ахметқали туристік салада ынтымақтастыққа келді.

Медеу Ахметқали бүгін Астанада институт филиалының ашылу рәсімі өтетіндігін атап өтті.

Филиалдың құрылуы қаржы шығынын қысқартуға мүмкіндік береді, деп ҚР ИЖТМ индустрия және туризм комитетінде хабарлады.

Институт жақын арада Астана агломерациясының тұрақты дамуына бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асырмақ. Аталмыш шаралар «ЭСПО-2017» көрмесін өткізу алдында жүзеге асады. 




Яндекс.Метрика