G-global

Азия елдері жедел дамып келе жатқан әлем көшіне ере білуі қажет – Малайзия Премьер-Министрі

Жедел дамып келе жатқан әлем көшіне ере білуіміз қажет, деп мәлімдеді бүгін Астанадағы VII Астана экономикалық форумы мен II Дүниежүзілік дағадарысқа қарсы конференцияның пленарлы отырысында Малайзия Премьер-Министрі Дато Шри Мохд Наджиб бин Тун Абдул Разақ.
Әлемде23 Мамыр , 14:14

«Азия елі өкілі ретінде мен  Қазақстан мемлекетін үлкен көрегендікпен басқарып отырған Н.Назарбаев мырзаға алғыс айтқым келеді», - деді Малайзия Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, соңғы отыз жылда әлемдік деңгейде жаһандану үдерісінің қарқынды жүріп жатқаны анық. Әрине, оның жағымды жақтарының мол екені анық. Жұмыссыздық азайып, кедейшілікпен күрес үдей түсті.

«Сонымен қатар, жаһандық экономика өрге домалады. Алайда екінші жағымсыз жақтарының да бар екенін айтпай кетпеуге болмас. Негізгі экономика қуаттарының жедел дамуы мен ұдайы экономикалық өсімге талпыну өз кезегінде бірқатар келеңсіздіктерге де жол ашпақ. Осы тұрғыда бізге белгілі бір міндеттемелер қабылдап, оны бірлесе отырып атқарғанымыз жөн», - дейді ол.

Оның айтуынша, қаржылық дағдарыс кезінде ең ұтымды шара қолданып, дағдарысты еңсере білген елдердің бірі Азия мемлекеттері. Жалпы, қатерлі алдын ала байқай отырып оны дер кезінде басқаруға болады. 1997 жылғы дағдарыста Малайзия банк секторын нығайтуға көңіл бөлді. Экономиканы әртараптандыра отырып жергілікті нарықты күшейтті.

«Негізінен жаһандық дағдарысты еңсерудің ең ұтымды жолы дамушы нарық пен дамыған нарықтың қоян-қолтық жұмыс істеуі», - деді ол.  

Бауыржан Мұқанов




Яндекс.Метрика