Халықаралық интеграция

Пан Ги Мун БҰҰ жұмысының негізгі 3 бағытын атады

Бүгін Астанадағы VII Астана экономикалық форумы мен II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның пленарлы отырысында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун БҰҰ жұмысының негізгі 3 бағытын атады.
Астана қаласы23 Мамыр , 13:46

«Әлем  2008 жылғы қаржы дағдарысынан әлі де болса арылып біткен жоқ. Жалпы қазіргі даму үдерісі жағымды болғанымен әлі де болса шешімін таппаған жағдайлар бар. Соның бірі жұмыссыздық мәселесі. Бұл мәселе тарихтағы тең үлкен әлеуметтік дерт болып табылады. Дүниежүзі халықтары өз армандарын іске асыра отырып жаһандық даму үдерісіне өзінше үлес қосуға тиісті.  Осыған орай біз өз алдымызға үш міндеттемені қойып отырмыз. Біріншісі – мыңжылдықтың прблемасы болып табылатын кедейлікпен күрес шаралары. Екіншісі 2006 жылдан бергі жаһандық дамудың күн тәртібін қалыптастырудағы  өзектілік. Ол үшін мемлекеттер кедейлік деңгейін төмендетуді бірінші кезектегі міндеттеме етіп күн тәртібіне қоюлары керек. Бұл өз кезегінде тұрақты дамудың негізіне айналғаны жөн», -дейді Бас хатшы.

Пан Ги Мунның айтқан үшінші міндеттемесі – климаттық жағдайларға қатысты тиісті міндеттемелерді атқаруға бағытталған шаралар.

Осы тұрғыда ол Нью-Йорк қаласында  23  қыркүйекте шешімдер мен іс-қимылдарды жұмылдыру үшін климаттық мәселелерге арналған саммит ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын айтты.

«Қазіргі сынақтар мен өзгерістер заманында  адамдардың және жалпы жер шарының  бірлесе жұмыс істеуі қажет», - деп сөзін аяқтады Пан Ги Мун.

Бауыржан Мұқанов




Яндекс.Метрика