Евразиялық одақ

ЕАЭО Қазақстан өнеркәсібіне жаңа технологияларды енгізуге септігін тигізеді – О. Чернышов

ШҚО облыстық мәслихатының депутаты Еуразиялық экономикалық одаққа Қазақстан енуінің артықшылықтарын атады.
Шығыс Қазақстан29 Мамыр , 09:16

«Еуразиялық экономикалық одақ барлық қатысушы-елдер үшін пайдасын тигізіп, одан әрі дамуына серпін береді. Ішкі қарым-қатынастың арқасында инновациялық жаңашылдықтар бойынша тәжірибе алмасу үрдісі жүреді», - деді депутат.

Сонымен қатар, ол, ҚР Президентінің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жоспарын Еуразиялық экономикалық одақ асырылады және ол қазақстанды жаңа деңгейге көтереді, деп атап өтті.

«Ал, енді біздің аймақ туралы айтатын болсақ, Шығыс Қазақстанда мыңнан астам кәсіпорындар жұмыс істейді. Сондай-ақ,өңірдің  шетелдік серіктестік қатынаста рөлі зор. Бүгінде ШҚО РФ-ның Алтай өңірімен және өзгеде аймақтарымен байланыс орнатқан. Жалпы, Ресей мен Белоруссия қарым-қатынасы тау-кен өндірісі саласына жаңа технологияларды енгізуге, жоғары білікті мамандарды даярлауда септігін тигізеді», - деп О. Чернышов атап өтті.




Яндекс.Метрика